
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 29 қарашада сағат 09:30 шамасында болған.
“40 жастағы ГАЗ-АЗR23 (жедел жәрдем көлігі) жүргізушісі Морозов-Сыбанов көшелерінің қиылысында жыпылық маяктарын қосып, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп, Сыбанов көшесі бойымен бағдаршамның жасыл түсімен өтіп келе жатқан “TOYOTA” көлігімен соқтығысты. ГАЗ-АЗR23 (жедел жәрдем) көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz