ҚоғамСемейТОП

Семей халқының 98 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді

Қала бойынша орталық сумен қамтамасыз ету 98% құрайды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков айтып берді.

  • Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қала бойынша: қала халқы – 98%, ауыл халқы – 87,6% құрайды. Ауылдық елді мекендерді қамту-71,8%. Қаланың және ауылдық елді мекендердің 350,206 мың тұрғынының 321,768 мың тұрғыны орталықтандырылған сумен және 19,156 мың ауыл тұрғыны қамтылған. Биыл сумен жабдықтау желілерінің 9 жобасын іске асыруға 1 898,9 млн теңге бөлінді. Восход, Шақаман, Абыралы кенттерінде үш жобаның құрылысы жоспарланған. Сондай – ақ, Суық бұлақ кенті мен Дулатов көшесіндегі екі жобаны қайта құру жоспарлануда, – дейді Димитрий Гариков.

Семей қаласы әкімінің орынбасары бүгінгі таңда қала бойынша Шығыс кентіне су құбыры құрылысының бір жобасы әзірленгенін айтты. Оның сомасы – 1647 млн теңгені құрайды. Іске асыру 2022 жылға жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button