ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде автобус жол-көлік оқиғасына түсті

Семейде жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус жол-көлік оқиғасына түсті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы кеше, 22 қарашада, сағат 15:00 шамасында Сәтпаев даңғылы бойында орын алды.

“50 жастағы ВАЗ көлігінің жүргізушісі жүріс бөлігінің оң жағында кері бұрылу маневрін жасау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, DAEWOO маркалы көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығын келтірілді“, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ВАЗ көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button