ҚоғамСемейТОП

Семейде халықты ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Семейдің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маңызды міндеттерінің бірі халықты таза ауыз сумен қамтуды ұлғайту болып табылады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осы мақсатта ағымдағы жылы Шақаман және Абыралы ауылдарында жалпы ұзындығы 40,3 км сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, Суық бұлақ кентіндегі ұзындығы 24 км су құбыры желілерін қайта жаңарту жүргізілуде.Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев айтып берді.

  • Жазық, Таңат, Баженово және Клементьевка шағын ауылдарында блокты-модульді су тазарту және тарату станциялары орнатылды. Шығыс кентіндегі су құбыры желілерін қайта құру және кеңейту жобасына 1,9 млрд теңгеге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Восход, Бобровка, Березовский, Шаған кенттерінде, Қызыл Кордон аудандарында, Аэропортовская-Аягөз көшелерінде; төрт ауылды мекендер Ақбұлақ, Половинки, Мұрат, Талица, сондай-ақ Алғабас ауылында су құбыры желілерін қайта жаңартуға және ауылдағы желілерді кеңейтуге 8 қалалық су құбырының құрылысына ЖСҚ әзірленуде, – деді Дархан Жоргекбаев.

Бүгінгі таңда қалада ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастық аясында көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту бойынша жоба жүргізілуде. 6,7 мың заманауи энергия тиімді желі орнатылды. Алдағы уақытта қаланың 50 көшесінде қосымша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button