ҚоғамСемейТОП

Семейде ауыл шаруашылығын дамытуды қолдауға 1,8 млрд теңге субсидия бөлінді

Семейде "Еңбек" жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 163 адамға 95,1 млн теңгеге мемлекеттік гранттар, 684 млн теңгеге 78 қатысушыға шағын несиелер берілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы АКҚ-де өткен брифингте Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев мәлім етті.

  • “Ақ Ниет” өңірлік бағдарламасы аясында 578,1 млн теңгеге 43 жоба іске асырылды. “Қарапайым заттар экономикасы” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 5,1 млрд теңге сомасына 34 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылдың он айында Ауыл шаруашылығын дамытуды қолдауға 1,8 млрд теңге субсидия бөлінді. Оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға – 200,9 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға – 542,6 млн теңге, инвестициялық субсидиялауға – 1078,0 млн теңге қарастырылды. Сондай – ақ, ағымдағы жылы шаруашылық объектілеріне 328 бас ірі қара мал, 1050 бас ұсақ мал және 191 бас жылқы сатып алуға 201,4 млн теңге сомасына 22 жеңілдікті несие берілді, – деп хабарлады Дархан Жөргекбаев.

Сонымен қатар 2022-2023 жылдары Семейде АӨК саласында жеті инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

  • Жеті жобаны іске асыру жоспарлануда. 913 га алаңда суару жүйесін орнату жобасының құны -358 млн.теңгені құрайды. Сондай-ақ, 307 млн.теңгеге 700 га алаңда суару жүйесін орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, майлы, дәнді және жем-шөп дақылдарын өндіру және 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жоспарланған. Тағы бір жоба – “Ba Agro Invest group” ЖШС. Оның құны 2500 млн.теңге. Сондай-ақ, Приречное ауылында 80 млн.теңгеге 1500 басқа арналған бордақылау алаңын салу жоспарлануда. Сондай– ақ, “Агрофирма Приречное” ЖШС-де 250 млн.теңге сомасына асыл тұқымды кеңейту бойынша жобаны іске асыру жоспарланған, – деп қорытындылады Дархан Жөргекбаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button