Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да Pfizer вакцинасын 4 мыңға жуық адам салдырды

Шығыс Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын 4 мыңға жуық адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 60 адам тіркелді. Оның ішіндегі 56 науқаста ауру симптомдары байқалып отыр.

«Бір күн ішінде 27 пациент толықтай сауығып шықты. 4 симптомсыз вирустасушы үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта облыс стационарларында 542 адам емделуде», – делінген ақпаратта.

Жасөспірімдерді, жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерді америкалық Pfizer вакцинасымен егу науқаны жалғасуда. Бүгінде осы санаттардағы 3930 адам екпе салдырған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button