
Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Дана Ерғожина мәлімдеді.
- Біздің емханаға 12 839 адам бекітілген. Бірінші компонентпен 11 039 адам, екінші компонентпен 10 093 адам вакцинацияланды. Медициналық тұрғыда 1 834 адамға екпе салынған жоқ. Бүгінгі таңда емханада вакцинаның екі түрі бар, олар – «Спутник V» және «QazVac». Сонымен қатар, жұмадан бастап балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасын қойып бастадық. Бүгінгі күні Pfizer вакцинасымен 60-қа жуық адам вакцинацияланды. Сонымен бірге мобильді бригадалар жұмыс жасауда. Әрине, вакцина алғандар арасында КВИ-мен ауырғандар да бар, бірақ олар ауыруды жеңіл өткізеді. Сондықтан қала тұрғындарын өздерінің денсаулығы мен жақындарының қауіпсіздігіне қамқорлық жасап, вакцина алуға шақырғым келеді, – деп қорытындылады Дана Ерғожина.
Semeynews.kz