ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

Соңғы тәулікте өрттен үш адам көз жұмды

Шығыс Қазақстанда өткен тәулікте болған үй өрттерінен 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Риддер қаласындағы Бутакова ауылында монша өрті орын алды. Моншадағы өрт кезінде жану өнімдерімен уланған 1936 жылғы үй иесінің денесі табылды. Өрттің шығу себебі пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Екінші жағдай Шемонаиха ауданында орын алды. Бұл жерде 1937 жылғы үй иесі жылытуға арналған электр қондырғысын қосылған қалпында ағаш үстелге қойған. Нәтижесінде ол өрттің туындауына және үй иесінің көз жұмуына себеп болды.

Үшінші жағдай Ұлан ауданында тіркелді. Бұл жерде 1988 жылғы азамат үй өртінен қаза болды. Өрттің шығу себебі – отты абайсызда пайдалану.

Жоғарыда аталған үй иелерімен құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтау және пешті пайдалану бойынша алдын ала жұмыстар жүргізген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button