ҚоғамСемейТОП

Семейде “елес” көлік анықталды

Семейлік жалған ресейлік мемлекеттік нөмір тағып алған автокөлік анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ қызметкерлері өзінің «Toyota» маркалы автокөлігіне «Ресейлік» жалған мемлекеттік нөмір орнатқан қаланың 41 жастағы тұрғынын анықтады.

“Автокөлікті тексеру үшін Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарына сұраныс жолданды. Нәтижесінде Ресейдің ақпараттық жүйелерінде бұл автомобильдің мемлекеттік нөмірі тіркелмегендігі анықталды.
«Елес» көлік құралының иесіне қатысты келу міндеттемесі қабылданды”, – деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 385-бабының 1-бөлігі – «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button