ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО: Бесқарағай ауданында “Бір қабатты Шығыс” бағдарламасы іске асырылуда

Бағдарлама шеңберінде 12 тұрғын үй бой көтерді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бесқарағай ауданында Шығыс Қазақстан облысының әкімі даниал Ахметовтың бастамасы бойынша «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы іске асырылуда.

2020 жылы 36 үй салынып, көп балалы отбасыларға, әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға,  жетім балаларға берілді.

2021 жылы жеке инвесторлар есебінен  Бесқарағай ауылында жалпы ауданы 1794,2 шаршы метр болатын екі пәтерлі 12 тұрғын үй салынды. Осы жобаны іске асыруға облыстық және аудандық бюджеттен 251 193,6 мың теңге бөлінді. Су құбыры мен электр жарығын орнату бойынша инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым  тарту жұмыстары 61 млн. теңгеге жүргізілді. Ағымдағы жылдың 4 қарашасында аталған тұрғын үйлер 8 – көпбалалы отбасына, 13 – әлеуметтік осал топтағы тұрғындар мен 3-медицина қызметкеріне, үйі аппаттық жағдайда тұрған 1 отбасына берілді. Жалпы жиыны 24 пәтер берілді. Сонымен қатар, ауданда “Бақытты отбасы” жеңілдетілген ипотекалық кредит  бағдарламасы бойынша 4 отбасы үй сатып алса, 2 көп балалы отбасына бюджеттен 1 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттары табыс етілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button