ҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРСемейТОП
Семейде ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
2021 жылғы 20 қарашада ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында 2021 жылғы 20 қарашада «Северный» сауда логистикалық орталығы мен «Jolaman» көтерме сауда орталығында Семей қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Осы жәрмеңкелерде барлық ауыл шаруашылығы өнімдері делдалсыз қол жетімді бағамен саудаға шығарылады.
Қала тұрғындарын, қала қонақтарын және кәсіпорын, мекеме, ұйым қызметкерлерін қажетті өнімдерді сатып алу үшін және Семей қаласының азық-түлік өнімдерін өндірушілерді осы жәрмеңкелерде өз өнімдерін ұсыну үшін белсенді қатысуын сұраймыз.
Сіздерді делдалсыз қол жетімді бағада сапалы өнімдер күтуде.
Semeynews.kz