БілімҚоғамСемейТОП

Семейде STEM Kyzdar мектебінің түлектеріне сертификаттар табысталды

Семейде STEM Kyzdar білім беру жобасына қатысушыларға сертификаттарды табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

STEM Kyzdar жобасы Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне бағытталған. 1 – 19 қараша аралығында облыстағы ауылдық мектептердің жоғарғы сынып оқушылары STEM пәндері бойынша (аббревиатурасы ағылшын тілінде, Science – жаратылыстану ғылымы, Technology – технология, Engineering – инженерия, Mathematics — математика), Қазақстандағы «БҰҰ әйелдері» құрылымының қолдауымен арнайы әзірленген халықаралық бағдарламамен онлайн-білім алудан өтті. STEM Kyzdar жобасын ұйымдастырушы – «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен Сaravan of Knowledge.

– Жоба тамыз айының аяғында басталды, хаттар таратылды, соның негізінде аталған жобаға қатысу үшін ШҚО облысындағы барлық 8-11 сыныптардағы қыз балалар шақыртылды. Олимпиада өткізу қаласы ретінде Семейді таңдап алу кездейсоқ емес, себебі Семей қаласы – ұлы Абайдың туған жері және еліміздің білім саласының тірегі болып табылатын қалалардың бірі. Барлық қыздар сұраным берді және кодтау және алгоритмдеу бойынша білім алудан өтті. Ең бастысы, бұл жерде ІТ саласы бойынша терең білімнің болуы міндетті емес, тек логикасы, тапқырлығы және сыни ойлай білуі болса болды. Сондықтан, көп жағдайда, тіпті ауыл балалары, интернеттің жоқтығына қарамастан тең мүмкіндіктерге ие болды. Қазір оларда бес күндік білім беру жүргізіліп жатыр, содан кейін хакатон өтеді, нәтижесі бойынша үздік деп танылған бес қыз іріктеліп алынады, – деді “Caravan of knowledge” ұжымдық қорының дамыту менеджері Хасен Жәкенов.

STEM Kyzdar жобасында мектеп оқушылар жобалау әдісінің негізінде оқиды: олар өмірден алынған шынайы мәселелерді шешеді, бағдарламалау мен робот техникасын үйреніп, алған білімін қолдана отырып, роботтар жасайды. Сонымен қатар, олар командада жұмыс жасауды, жұртшылық алдында сөз сөйлеуді, өзін және өз жобасын таныстыруды, сыни және шығармашылық ойлауды үйренеді. Мұндай дағдылар оларға STEM Kyzdar жобасының аясында ғана емес, сондай-ақ одан тыс салаларда – жарыстар мен олимпиадаларда, одан арғы оқуында және мансабында көмектеседі.   Сонымен қатар тренингке жаратылыстану-математика пәндерінің – математика, физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдері қатысады. Шетелдік сарапшылар жетекшілігімен мұғалімдер өзекті әдістемені меңгерді, бұл әдістемелер сабақтарды әртүрлендіруге, оқушыларды оқу үдерісіне қызықтыруға, материалды жақсырақ меңгеруге, оқушылармен бірге сапалы зерттеулер мен эксперименттер жүргізуге, ғылыми жобалар жасауға көмектеседі.

– Білім алу барысында менің тағыда көзім жетті, математика – бұл ғылымдардың патшайымы. Өз болашағымды математикамен байланыстырамын. Енді менің сіңлім менің артымнан еріп STEM Kyzdar мектебіне түсуді ойлауда. Айта кетейін, менің білім алуыма қарай жүріп, оның өзі де математикаға тартылды, – дейді STEM Kyzdar мектебінің түлегі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназиясының 10-сынып оқушысы Нұржамал Дәлелова.

Барлығы 35 оқушы қыз бүгінде қалаулы аттестат иегері атанды. Сондай-ақ, атап өтілгендей, олардың арасынан бес оқушы қыз іріктеп алынады және олар халықаралық олимпиадада қатысатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button