Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қарашасында таңертеңгі 05 сағат 13 минутта “102” жедел арнасына Өскеменде теракт дайындалып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Қоңырау шалған адам тіпті уақыттын шамамен таңертеңгі сағат 6-7 болатынын хабарлаған.
Қоңырау шалушы жедел түрде анықталған.
“Аталған факті бойынша жауап алған 41 жастағы азамат бұл әзіл екенін түсіндірді. Болжам бойынша, күні бұрын кешке досы оған қонаққа келген, олар түні бойы спирттік ішімдік ішіп, сағат 5 шамасында өз үйінің аумағында итпен серуендеуге шығып, әзіл айтуды шешкен. Ол Сәтпаев даңғылындағы үйлердің бірінде болатын террорлық шабуыл туралы хабарлаған. Шын мәнінде, ер адам террорлық шабуыл туралы қандай да бір ақпаратқа ие емес екенін мойындады, ол мас күйінде “102” жедел арнасына қоңырау соққан”, – делінген хабарламада.
Айтқандай, медициналық куәландыру сараптамасы ер адамның орташа масаю күйінде екенін анықтаған.
Әзілкеш жазасыз қалмады, оған Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК 438-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды (арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру) және 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Semeynews.kz