ШҚО Ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Эльмира Рахымбаева Pfizer вакцинасына қатысты сауалдары бар өңір жұртшылығының қайда хабарласа алатындығын айтты.
«Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді америкалық Pfizer вакцинасымен егу науқаны басталды. Шығыс Қазақстанда білім және денсаулық сақтау басқармаларының мамандары тарапынан жұмыс тобы құралған. Олар облыстағы вакцинация барысын қадағалайтын болады. Осы ретте, ата-аналар өз сұрақтарына жауап ала алатын 71-11-31 Call-орталығы іске қосылды. Сонымен қатар Өскемен қаласы Қазыбек би даңғылы, 11 мекен-жайы бойынша 305-кабинетке келіп кеңес алуға болады», – деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 2 мыңға жуық ата-ана баласына екпе салдыруға келісім бергені хабарланған.
Semeynews.kz