ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да пәтер өртеніп, үй тұрғындары эвакуацияланды

Өскеменде тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт шығып, үй тұрғындары эвакуацияланды, олардың ішінде балалар да бар, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде, Сәтпаев даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі екінші қабатта орналасқан пәтерде өрт шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті. Пәтердегі жиһаздар, жеке заттары, есік және терезе бөліктері өртенген. Пәтер иесінің ұлы өртенген пәтерден өздігімен шығып үлгерген.

“Құтқарушылармен бірінші кезекте тұрғын үйдегі 20 тұрғын, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Олар ШҚО ТЖД ұйымдастырылған барлық қолайлылықтар жасалған Вахта көлігіне орналастырылды. Құтқарушылармен 10 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын құруда және оны пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 21 адам және 7 бірліктегі техника жұмылдырылды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button