ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да студент дүкенді шілде айынан бастап алдап жүрген

Аягөз ауданында 17 жастағы студент дүкен сатушыларын 100 мың теңгеге алдаған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың қараша айының басында Аягөз аудандық ПБ кезекші бөліміне дүкеннің 48 жастағы иесінен арыз түскен. Арызда 2021 жылдың шілдесінен бастап қараша айына дейін оның дүкеніне келген бейтаныс жігіт дүкеннен түрлі өнімдерді сатып алып тұрған, ал тауар үшін төлемді мобильді қосымша арқылы төледім деп түбіртек көрсетіп отырған. Алайда ақша шотқа сол күйі түспеген. Келтірілген шығын 100 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 17 жастағы колледж студенті болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button