ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да масаң күйдегі көлік жүргізушісі қамаққа алынды

Өскеменде масаң күйде көлік жүргізген жүргізуші ұсталып, қамаққа алынды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, ағымдағы жылғы 5 қарашада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Жаңа-Согра кентінде облыс орталығының 51 жастағы тұрғынының басқаруымен «Honda» автокөлігін тоқтатты.

  • Анықталғандай, ұсталған ер адам 2019 жылдан бастап 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Куәландыруға сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежедегі масаң күйде болған. Автокөлік мамандандырылған тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 346-бабының 1-бөлігі – «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button