
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте өңір бойынша 42 адам СOVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның ішіндегі 39 науқаста симптом бар болса, 3 адам вирусты симптомсыз өткеруде.
«16 қарашада Шығыс Қазақстандағы стационарларда 566 адам емделіп жатыр. Облыс бойынша төсек қорының жүктемесі – 15%. Соңғы 1 күн ішінде 16 пациент қауіпті дерттен толықтай сауығып шықты. Сондай-ақ 6 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады», – делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін облысқа Pfizer вакцинасының 35 мың дозасы жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.
Semeynews.kz