
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Өскеменнің Қабанбай батыр көшесіндегі үйлердің бірінде орын алған. 8 айлық баланың саусағы пластмассалы ойыншыққа қысылып қалған. Баланың ата-анасы құтқарушыларды шақырды.
“Мамандандырылған жасақ қызметкрелері тістеуіктің көмегімен баланың саусағын алып шықты. Бала барлық “құтқару операциясын” аяқта, көзіне жас алмай шыдап шықты”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz