ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 12 қарашасында сағат 12:47-де 33 жастағы жол талғамайтын “Lexus” көлігінің жүргізушісі Үлбі өзені арқылы өтетін көпірмен бойлап келе жатып, Интернациональный ауданында көлікиті басқара алмай жалдың қарсы бағытына шығып, ПАЗ автобусымен соқтығысты. Автобус салонында 4 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі, сондай-ақ ондағы жолаушылар түрлі дене жарақаттарын алды.
“Lexus” көлігінің жүргізушісі полиция қызметкері. Ол тәуліктік кезекшіліктен шығып, ұйықтап кеткен. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес – ішімдік ішпеген. Қазіргі уақытта ол алған дене жарақаттарымен қалалық аурухананың травматологиялық бөлімшесіне жатқызылды.
Аталған факт белгіленген тәртіп бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта бастапқы тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесі құқықтық баға беріледі.
Semeynews.kz