Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 қарашасында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ «102» жедел арнасына 48 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 31 қазанда түнгі уақытта Глинки көшесіндегі кафелердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, бейтаныс адам оған жақындап, қоңырау шалу үшін ұялы телефон сұрап, телефонды қолына алып, телефон шалғандай сыңай танытып, бірнеше метр алыстап кеткен соң, қаша жөнелгенін хабарлаған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 44 жастағы жұмыссыз ер адамды ізін суытпай анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген»,- делінген хабарламада.
Semeynews.kz