Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-ға Pfizer вакцинасының 35 мыңнан астам дозасы жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысына Pfizer вакцинасының 35 мыңнан астам дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірге Pfizer вакцинасының 35 100 дозасы жеткізілген.

«Қазіргі уақытта вакцина партиясы Өскемен және Семей қалаларында қабылданып алынды. Оның ішінде 17 550 дозасын Семейдегі №1 емхананың арнайы дайындықтан өткен мамандары қабылдаған. Өскеменде 17550 доза облыстық қан орталығына жеткізілді. Транспорттау және қабылдау барысында барлық тиісті ережелер мен талаптар қатаң сақталды», – делінген ақпаратта.

Алдағы уақытта вакцина облыстың қалалары мен аудандарындағы медициналық мекемелерге тасымалданады.

«Вакцина дозалары жеткізілген екі мекемеде көлемі 300 литрді құрайтын қосымша екі мұздатқыш жабдықтар орнатылды. Аудандық медициналық ұйымдар да тиісті дайындықтан өтіп, көлемі 130 литр болатын 16 мұздатқышпен қамтылған», – делінген хабарламада.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button