ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семей: ішімдік ішіп бөтеннің көлігін өртеп жіберген

Семей тұрғыны ішімдік ішіп, бір көлікті өртеп, тағы екі көліктің терезесін шаққан, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 30 қазанында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ «102» жедел арнасына қаланың 18 жастағы тұрғыны жүгініп, 30 қазанда түнгі уақытта белгісіз тұлға үйінің жанында тұрған оның «Nissan» автокөлігін өртеп жібергенін хабарлаған. Келтірілген залал 1 150 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

– Тергеу амалдары барысында қаскөй жәбірленушінің әкесімен бірге үйде ішімдік ішкені анықталды. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал орын алған, ол жанжалған әкесін қорғап 18 жастағы жәбірленуші араласып, қонақты бір рет ұрған. Осы соққының салдарынан 35 жастағы ер адам ашуланып, көшеге шығып, темекі шегіп, оның тұқылын жәбірленушіге тиесілі «Nissan Presea» автокөлігінің салонына лақтырып, одан әрі ашуланып қоршаудан шыққан соң сол жерде тұрған «ВАЗ-2199» және «Nissan Presea» маркалы тағы 2 көліктің терезелерін сындырып кеткен.

Содан кейін мас күйінде өзінің автокөліне отырып, үйіне бара жатқанда оны патрульдік наряд тоқтатып, полиция бөліміне жеткізді, – деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.

Өрт актісіне сәйкес өрттің шығу себебі- өртеу болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабының 1-бөлігі – «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button