ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 29 қазанында Бородулиха аудандық ПБ-не Жезкент ауруханасына «сол жақ ішін пышақпен жаншып-кесу жарақатын салу» диагнозымен кенттің 35 жастағы тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.
Белгілі болғандай, 29 қазанда кешкі уақытта болған жанжал барысында оның азаматтық некедегі жұбайы оған пышақ жарақатын салған. Кейін ол ауруханаға жатқызылды.
Тәртіп сақшылары ізін суытпай күдікті ретінде 27 жастағы әйелді ұстады.
«Күдікті жауап алу барысында кінәсін мойындады, ҚР ҚК-нің 106 – бабы 1 – бөлігі – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Аталған баптың санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Semeynews.kz