ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да алаяқ әйел аудан тұрғынын қомақты сомаға сан қақтырған

Өскеменде алаяқ әйел несие рәсімдеп беремін деп аудандық тұрғыннан 850 мың теңге алған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қазан айының соңында Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Ұлан ауданының 34 жастағы тұрғыны шағымданған. Белгілі болғандай, ол несие ресімдеуге көмектескені үшін танысына 850 мың теңге берген. Алайда, несие де жоқ, берген ақша да кері қайтарылмаған.

“Жәбірленушінің айтуынша ол ескі несиелерді жабу үшін жаңа несие ресімдеуді шешкен. Бұл қызмет үшін ол танысына 850 мың теңге берген. Алайда, ақшаны алғаннан кейін ешқандай несие де берілмеген, ал танысы байланысқа шықпай қойған”, – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлерімен 52 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

“Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оны 1000 АЕК – ке дейінгі айыппұлдан бастап, мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза күтіп тұр”, – деп түсіндірді полицияда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button