Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін электр энергиясын жеткізуге шектеу енгізіледі
«Шығысэнерготрейд» ЖШС тұтынушыларды «KEGOC» АҚ тарапынан Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін электр энергиясын жеткізуге шектеу енгізу мүмкіндігі туралы хабардар етеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

8 қараша күні «KEGOC» АҚ диспетчерінен сағат 17:11-де «Шығысэнерготрейд» ЖШС атына хабарлама келіп түсті, онда «KEGOC» АҚ Ұлттық желі бойынша электр энергиясын беру бойынша шектеулердің енгізілгені туралы хабарлады. Мұндай жағдайдың себебі – Қазақстанда электр энергиясы қуатының тапшылығы.
«2021 жылғы 8 қарашадан бастап «KEGOC» АҚ ұлттық операторы бізге қарбалас уақытта (сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін; сағат 17:00-ден 23:00-ге дейін) электр энергиясын беруді шектейді. «KEGOC» АҚ электр энергиясын тұтынуды 130 МВт-қа дейін қысқарту қажеттігі туралы мәлімдейді», – «Шығысэнерготрейд» ЖШС Бас директоры Талгат Кайркенов.
«Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ күшімен тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды өзін-өзі шектеуді енгізу техникалық мүмкін болмауына байланысты, шектеулерді енгізу және тұтынушыларды ажырату «КEGOC» АҚ жүйелік операторы тарапынан жүргізіледі.
Өз кезегінде «Шығысэнерготрейд» ЖШС Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары, әлеуметтік маңызы бар объектілері, тіршілік әрекеті объектілері үшін электр энергиясын ажыратуды талап ететін жағдайларды азайту үшін тиісті шаралар қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Сондай-ақ энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша «Шығысэнерготрейд» ЖШС Байланыс орталығына 8 (7232) 700-555 телефоны бойынша, WhatsApp арқылы тел. № +7 771 302 20 75 (дауыстық немесе мәтіндік хабарламамен) не серіктестіктің сайтына www.shygys.kz «Жеке кабинет» арқылы хабарласуға болады. Байланыс орталығының жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін 8:00-ден 20:00-ге дейін.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС – ШҚО энергиямен жабдықтаушы ұйымы, оның қызметінің негізгі түрі Жарғыға сәйкес электр энергиясын сатып алу және тұтынушыларға сатып алынған электр энергиясын сату болып табылады. Баспасөз қызметі: Баденова Асель +7 (701) 221 71 38, эл. мекенжайы: asel.badenova@ekrec.kz.
Semeynews.kz