ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да ұрланған мал тиеген көлік ұсталды

Тарбағатай ауданындағы тас жолда ұрланған мал тиелген көлік ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тарбағатай ауданындағы тас жолдың бірінде, көліктің кузовында тірі сиыр болған «УАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Кейінірек анықталғандай, бұл жануар шаруа қожалықтарының біріне тиесілі еркін жайылымнан ұрланған, ал мал иесі оның ұрланғаны туралы тіпті білмеген.

  • Мал ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында 30 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, – ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button