Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте аталған емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Назигүл Ряшева мәлімдеді.
- Қалада вакцинаның төрт түрі бар, олар – «Спутник V», «QazVac», «VeroCell» және «CoronaVac». Қазіргі уақытта біздің емханада «Спутник V» вакцинасы бар. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші және екінші компонентімен 10057 адам вакцинацияланды, бұл бекітілген тұрғындардың 91%. Вакцинаны жүкті әйелдерге, созылмалы аурулары бар адамдарға алуға болмайды. «Спутник V» вакцинасы екі кезеңде жүргізіледі. Вакцина алғандар 100% вирустан қорғалмаған, алайда олар оны жеңіл түрде өтеді, – деп хабарлады Назигүл Ряшева.
Сонымен қатар брифингте қоғамдық орындарда маска тағу қажеттігі және де әлеуметтік арақашықтықты сақтау айтылды.
Semeynews.kz