«Сағат 09.30-да Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне Абай қаласындағы Абай шахтасында К10 желдету штрегіне метан газы тарағаны туралы ақпарат келіп түсті. Іште шамамен 8 қызметкер қалып отыр», – деді Талғат Уәли.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен арнайы қызметкерлер мен техникалар шыққан. Мән-жайы мен себептері анықтаулда. Қарағанды облысына Төтенше жағдайлар министрі аттанды.
«ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен комиссия оқиға орнына шықты.
Алдын ала ақпарат бойынша шахтада барлығы 64 жұмысшы болған. 3-К10 кенжарында 8 қызметкер бар (ақпарат нақтыланып жатыр). Кенжардағы 8 қызметкердің 6-уы қаза болды, екі қызметкер жарақат алған (олардың да жағдайы нақтыланып жатыр). Қазір зардап шеккен кеншілерді шахтадан жер бетіне алып шығу жұмыстары жүріп жатыр», – деді ресми өкіл.
Semeynews.kz