ҚоғамСемейТОП

Семейде туристік қызмет көрсететін 20-дан астам субъект бар

Қонақтар мен туристер үшін қаланың көрікті жерлері туралы 3 тілде ақпар беретін жолсілтеме әзірленді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы АКҚ-де өткен баспасөз конференциясында туризмді дамыту секторының бас маманы Бауыржан Дүйсенбаев айтып берді.

–Ағымдағы жылы қонақтар мен туристерге қаланы тануға мүмкіндік беретін 2ГИС қосымшасы іске қосылды. Қазіргі уақытта осы қосымшаны әзірлеген компаниямен қалалық туристік маршруттарды енгізу үшін одан әрі ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұл қаланың туризм объектілеріне саяхат жасауды жақсартуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Бауыржан Дүйсенбаев.

Соңғы уақытта қалада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының айтарлықтай артқаны байқалған. Семейде спортты дамытуға көптеген үйірмелер мен секциялардың жұмысы ықпал етеді.

– Қалада облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының 4 спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 4000 – нан астам балалар мен жасөспірімдер шұғылданады. 22 Федерация, түрлі бағыттағы 27 спорт клубы жұмыс істейді. Спорттың 65 түрі дәріптеліп, оның ішінде 25 – олимпиадалық, 40-олимпиадалық бағдарламаға кірмейтін спорт түрлері саналады. ШҚО-ның жасыл аймаққа өтуі кезінде 2021 жылдың сәуір айынан бастап көрермендерсіз спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге рұқсат етілді. 55-тен астам қалалық, облыстық, республикалық жарыстар өткізілді. Біздің спортшылар 62 – ден астам облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысты, – деп қорытындылады дене шынықтыру және спорт секторының бас маманы Нұрболат Рахымғажинов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button