
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Зайсан АПБ қызметкерлері “Броконьер” ЖААШ шеңберінде рейд жүргізіп, Зайсан көлінің солтүстік-батысындағы жабық аймақта заңсыз балық аулаумен айналысқан Үшкөмей ауылының 49 жастағы тұрғынын ұстады.
Броконьерден “Обь” моторлы қайығы, екі 100 метрлік ау, 3 қап заңсыз ауланған шортан балықтары тәріленді. Балықтың жалпы салмағы – 91 келі. Келтірілген залал – 345 000 теңгені құрайды. Күдікті дәлел заттарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамға қатысты – келу міндеттеме шарасы қолданылды.
“Ат алған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген”, – деді ведомствода.
Semeynews.kz