ҚоғамСемейТОП

ТКШ басшысы екі жол апаты туралы: «Семейде болған жол апатына әкімдіктің кінәсі жоқ»

Семей қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Амантай Утельбаев кент тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

28 қазанда Озерки-Таймас қиылысында қайғылы жағдаймен аяқталған бірдей екі жол-көлік оқиғасы болды. 21 жастағы жүргізуші 9 жастағы баланы қағып кетті. 15 минут өткеннен кейін жол апаты орнына жақын жерде тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алып, ПАЗ автобусының жүргізушісі 45 жастағы ер адамды қағып кетті, алған дене жарақаттарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, бірақта жергілікті тұрғындар басқадай айтуда: жүргізушінің кінәсі аз, бірнеше жыл болды осы жол бөлігінде, жалпы осы ауданда көше жарығы, жаяу жүргіншілер жолағы, басқа да жол белгілері жоқ. Сондықтан бұл жердегі жол қауіпсіздігі туралы тек армандауға болады. Восход және Водный кенттерінің тұрғындары бірнеше рет жергілікті билік күшіне осы мәселені қолға алып, тиісті көше жарықтарын орнатуды сұраған. Нәтижесінде, жауап ретінде тек бәрін жасаймыз тек құр уәделер алған… Бірақ бүгін-ертең емес. Мысалы, жанып кеткен көше жарығының шамдарын ауыстыруға өтініш білдірген, алайда ол әлі күнге дейін ауыстырылмады. Айта кетейік, өтінішті тұрғында ағымдағы жылдың суір айында жазған.

 

  • Біз жыл сайын бізге бағана орнатып, жолдарды жарықтандыру үшін көше жарығын орнатып беруді сұраймыз. Түнгі уақыттарда бала түгіл үлкен ер адамды көрінбейді. Біздің балаларымыздың қауіпсіздігі үшін қарапайым игіліктерді қанша уақыт сұрауға болады? Қайғылы жағдайда көз жұмған баланың анасы, оны ТКШ және әкімдіктің немқұрайлығынан жерлеу үшін дүниеге әкелген жоқ қой. Біздің балалар туралы ойлаулары керек. Ешқандай қауіпсіздік жоқ! Жылдамдықты шектейтін бірде бір жол белгісі жоқ. Олай жасауға болмайды. Адамдардың шыдамдары да таусылады.біздің балалар дөңгелек астында көз жұмбаулары керек! – деді жергілікті тұрғындардың бірі Гульнара Салахутдинова.

Кент тұрғындарымен қалалық тұрғын үй комуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Утельбаев кездесті. Ол бас болмауына байланысты кездесуге келмеген қала әкімі үшін ақталды.

  • Мен, ТКШ бөлімінің уәкілетті басшысы ретінде басшылықтың тапсырмасы бойынша сіздердің арыздарыңыз бойынша ақпарат беруге келдім. Басшылыққа келетін болсақ, қалада проблемалар көп, олар сонымен айналысуда. Көшені жарықтандыруға тоқталатын болсақ, осы ауданға бөлінгендер игерілді. Жанбай тұрған шамдар бойынша, оларда кепілдік міндеттемелер бар, және жұмыс жүзеге асырылады. Биылғы жылы жазған өтініштеріңіз бойынша, мен ол уақытта лауазымда болған жоқпын, бірақ қазіргі уақытта ЖСҚ алу алдында. Алдағы жылы сіздер сұраған көшелерге жарық орнатамыз. Биылғы жылы жобаны аламыз және келесі жылы жүзеге асырамыз. Жол-көлік оқиғасы болған Озерки жолына тоқталатын болсақ, біз оны зерттеудеміз, жаңғырту жобасына қосамыз. Тапсырма алдық, жұмыс жасаймыз. Көшені жарықтандыру бойынша, 2022-2023 жылдарға арналған жоба бар, қандай көшелер кірді, соларда жасаймыз. Көше жарықтары бойынша проблемалар болмайды, – деп хабарлады А.Утельбаев.

ТКШ басшысының айтуынша, болған оқиғада қала әкімдігінің кінәсі жоқ. Оның сөзі бойынша, бәріне кінәлі жүргізушінің жылдамдық режімін бұзуы.

  • Жол-көлік оқиғасы әкімдіктің кінәсінан болған жоқ. Жол ережесі, жылдамдықты сақтау режімі бар. Дауласпайық, – деп Амантай Утельбаев жиналғандардың наразылығын қиып тастады.

Өз кезегінде, тұрғындар әлі де болса наразылық танытуда және әділ сұрақтар қоюда: қала қауіпсіз ету жобаларын жүзеге асыруға қажетті қала бюджетінен қаражат бөлу үшін қанша адам құрбан болуы керек?

  • Бізге, біздің балаларымызды қорғайтын жобалар керек. Бірнеше бағана орнатып, шамдар қою үшін шынында біздің қала бюджетінде қаражат жоқ па? Адам өмірінен құнды не бар? Осындай қайғылы оқиға тағыда қайталғаны керек пе?, – деп абдырауда тұрғындар.

Қалайда болса, кездесу тағыда жағдайды жи….. жылы аяқтаймыз деген құрғақ уәде берумен аяқталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button