ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде әйелдері киімі дүкенінде өрт болды (ВИДЕО)

Өткен тәулікте Семейде екі өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 қазанда сағат 19:38-де Семейде Уәлиханов көшесі бойында жеке орналасқан әйелдер киімі дүкенінде өрт болған. Дүкендегі тауарлар, ағаш сөрелер, манекендер, төбе жабындысы өртенген. Өрттің жалпы ауданы – 25 шаршы метр.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр  қондырғыларының авариялық жағдайы немесе электр желілерін пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Сол күні Семейде Аэропортовская көшесі бойында 1995 жылы шығарылған Nissan Prisei маркалы көлік өртенді. Көліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт болып, артынша көлік салонына шарпыған. Құтқарушылармен 4 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button