ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да бас сүйегі жарылған ер адамның мүрдесі табылды

Өскеменде ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Өскемен қ. ПБ  тергеу бөлімімен «Адам өлтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Анықталғандай, таңертең «102» жедел арнасына жақын маңайда орналасқан шашатараз қызметкері хабарласып, адам мүрдесі жатқанын жеткізген. 1969 жылғы ер адамның мүрдесі. Дене жарақаттарына қарағанда, ер адам қатты соққыдан көз жұмған көрінеді. Атап айтқанда, басына тиген қатты соққыдан.

«Қазіргі уақытта күдікті тұлға ұсталды. Дәлелдерді бекіту бойынша тергеу жүргізілуде, тиісті сот-сараптамалары тағайындалды», – деп хабарлады полицияда.

Semeynewskz

Осы айдарда

Back to top button