ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде екі бірдей жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды (ВИДЕО)

Семейде екі жол-көлік оқиғасы болып, ер адам мен бала көз жұмды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өткен кеште Семейде екі бірдей жол-көлік оқиғасы орын алды.

Бірінші оқиға қала сыртында, Восход кенті жанында Озерки ауылы бұрылыста орын алды. 21 жастағы Volkswagen көлігінің жүргізушісіжолды жүгіріп өтпек болған 2012 жылы дүниеге келген баланы қағып кетті. Алған дене жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

  • Аталған факті бойынша ҚР ӨК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші ұсталды және ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша қамау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді ШҚО ПД.

Екінші оқиға сағат 18:30 шамасында Семей-Талица бағытында болды. 66 жастағы ПАЗ маркалы автобус жүргізушісі 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Белгіленген тәртіп бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

  • Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, нәтижесі бойынша автобус жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолдану туралы шешім қабылданады, – деді водемствода.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button