ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғынының гаражынан жарты келі марихуана тәркіленді (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан полицейлерімен өскемендік тұрғынның гаражынан жарты келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Рефлекс» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында, 14 қазанда Есірткіге қарсы күрес қызметі басқармасының қызметкерлерімен 59 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды.

  • Қала тұрғынының гаражын тінту барысында, «Toyota» маркалы көлігінің жүк салғышында жасыл түсті 7 түп өсімдік және жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған бір полимер орама табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген жасыл түсті өсімдік «кептірілген марихуана» болып табылды, жалпы салмағы – 464,39 гр, – деді баспасөз қызметінде.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігі (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған бап бойынша   екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу қарастырылған.

Semeynews.kz

Фото-видео: ШҚО ПД

 

Осы айдарда

Back to top button