ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да мас жүргізуші ұсталды

Риддерде мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың қазан айының ортасында полиция қызметкерлері Риддер қаласындағы көшелерді патрульдеу кезінде жол ережелерін қатаң бұзып жүрген «Toyota» маркалы көлікті байқаған. Көлік жүргізушісі полицейлердің тоқтау туралы заңды талаптарына бағынбай, қашуға тырысқан. Біраз уақыт көлікті қуып, нәтижесінде көлік тоқтатылды.

Тексеру барысында көлік тізгіндеген 36 жастағы жергілікті тұрғыннан алкогольдің өткір иісі шыққан. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес орта дәрежедегі масаңдық белгіленді.

Белгілі болғандай, жүргізуші 2 жыл бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айырылған.

Тәртіп бұзуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

  • Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, – деді ведомствода.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button