ШҚО полицейлерімен қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Шығыс Қазақстан полицейлерімен «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қазанында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Күршім ауданының тұрғыны қаруды заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат түсті. Тексеру барысында 60 жастағы аудан тұрғыны анықталды, оның үйінен 2 мылтық, сондай-ақ гильзалар мен патронташ тәркіленді.
Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған қару – «Тоз-16», калибрі 5,6, ойық ұңғылы, атысқа жарамды, екіншісі – «ИЖ-18 М», калибрі 16, тегіс ұңғылы, атысқа да жарамды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Полиция департаменті тіркелмеген қаруды полицияға өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.
Semeynews.kz