ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да бір тәулікте пішен, көлік және үй өрті орын алды

Шығыс Қазақстан аумағында бір тәулікте пішен, көлік және тұрғын үй өрті орын алды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс аумағында бір тәулікте пішен өрті, көлік және тұрғын үй өрті тіркелген.

25 қазанда сағат 15:56 шамасында Семей қаласында Байсалықов көшесінде ВАЗ-21099 көлігінде өрт шығып, көлік салонының панелі, жабындылары өртенген. Құтқарушылармен 2 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуының себебі – жоғарғы қауіпті қондырғылармен жұмыс істеуде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Бородулиха ауданында құтқарушылармен тұрғын үй ауласындағы жазғы ас үйдегі өрт сөндірілді. Ас үйдің төбе жабындысы, едені, терезе блоктары өртенген. Өрттің жалпы алаңы 24 шаршы метр. Өрттің шығуы – отты абайсызда пайдалану.

Тарбағатай ауданында тұрғын ауласына жиналған 28 тонна пішен өртенді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – отты абайсызда пайдалану. Ал Бородулиха ауданында 9 тонна пішен өртеніп, маңында орналасқан шаруашылық құрылысқа шарпыған. Құтқұарушылармен 30 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау құрықталды.

Семейде Кушумбаев көшесінде орналасқан 4 пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, үйдің ағаш құрылымы, едені, жиһаздары, жеке заттары, есік және терезе бөліктері, шатыры өртенген. Өрттің жалпы алаңы – 50 шаршы метр. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Semeynews.kz

 

 

Осы айдарда

Back to top button