ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

Тағы бір өскемендік алаяққа жем болды

Арзанға жиһаз жасатпақ болған өскемендік алаяққа алданып, 85 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылдың 10 қазанында Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ «102» жедел арнасына қаланың 31 жастағы тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың қыркүйек айының ортасында ол бейтаныс ер адамға ас үй жиһазын жасату үшін 85 000 теңге көлемінде ақша қаражатын беріп, кейіннен ол байланысқа шығуын тоқтатқанын хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдіктіні анықтап, жеткізді. Белгілі болғандай, ол бұрын сотты болған екен, ал қазіргі уақытта бас бостандығы шектеулі екен.

  • Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button