
Бұл 2020 жылдың осы кезеңіне қарағанда айтарлықтай көп, өткен жылы 50 кәсіпорын таратылғанын еске саламыз. Бұл туралы брифинг барысында Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерік Татубаев атап өтті. Оның айтуынша, бұл негізінен шағын және орта бизнес кәсіпорындары, олардың қызметінің негізгі түрі – сауда, атап айтқанда көтерме сауда, техника саудасы.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның соттарында осы жылы 81 кәсіпорын, ал өткен жылы 63 кәсіпорын банкрот деп танылды. Ерік Татубаев 2019 жылы “Оңалту және банкроттық туралы” ҚР Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілгенін еске салды. Оған сәйкес борышкердің банкроттық рәсімін қозғай отырып, кәсіпорынды банкрот деп тану және тарату туралы өтініш беруге, оның тұрақты төлем қабілетсіздігі негіз бола алады.
– Кредитордың борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы сотқа өтініш беруі үшін заңды күшіне енген сот актісі немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжат негізінде борышкердің кредитор алдындағы орындалмаған ақшалай міндеттемесі не борышкердің борышты мойындауы негіз болып табылады, – деп атап өтті Ерік Татубаев.
– Бұрын қарау мерзімі бір айды құраса, қазір өзгерістерге байланысты қарау мерзімі екі айды құрайды. Банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы сотқа өтініш бергенге дейін борышкерлер борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адам арасында жасалған уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасасуы қажет. Бұрын бұл ережені сот қолданған. Ерік Татубаев соттың борышкерді банкрот деп танудан бас тартуы оны банкрот деп тану туралы өтінішті қайта беру құқығынан айырмайтынын атап өтті. Оңалту рәсімін қолданудан бас тартылған жағдайда борышкер өтінішті екі жыл өткеннен кейін ғана қайта бере алады.
Semeynews.kz