ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО: Риддерде өрттен зардап шеккен тұрғындар жаңа үйлеріне көшті

Жаңа "Ботаника" шағын ауданында 32 абаттандырылған үй бой көтерді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Биылғы жылы жазда болған өрттен зардап шеккен риддерлік тұрғындар жаңа үйлеріне көшті. Жаңа қоныс иелерінің көңілдері жайланды. Біреулері монша салуға, ал енді біреулері көмір қора салуға кіріссе, енді біреулері бақша бақша салуды қамдауда. Екі жарым ай бұрын отқа оранған үй иелерінің жас толған жанарларынан, бүгінде қуаныштың нұрын байқауға болады.

Өңірдің құрылыс компаниялары қысқа мерзім ішінде 32 үй салды, олардың әрқайсысында заманауи жылыту пештері мен ас үй гарнитуралары орнатылған. “Көмектескен барлық адамдарға үлкен рахмет айтқым келеді”, – дейді орман өртінен зардап шеккендердің бірі Анна Исенева. – Барлық адамдарға, “Қазмырышқа” және қала мен Шығыс Қазақстан облысының барлық аппаратына – бізді қиыншылықта қалдырмай, әрқайсымызға көмектесіп, назардан тыс қалдырмағандықтарыңыз үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Адамдар қуаныштарын жасырмай, жоспар құрып, бірінші кезекте не сатып алуды жоспарлап отырғандарымен бөлісті.

Құрылыс компанияларының балалар мен спорт алаңдарын, футбол алаңын салып үлгергені ерекше қуантады. Орталық жарықтандыру, үйлерге асфальтталған жол жүргізілді. Автобус аялдамалары орнатылды. Өрт сөндірушілермен бірге жаңа шағын ауданда екі көпбалалы отбасы да қоныстанды. Шағын ауданның құрылысы жалғасады. Жоспар бойынша биыл тағы 110 үйдің құрылысы үшін учаскелер бөлінеді. 2022 жылы жоспар бойынша тағы да 110 учаске жеке тұрғын үй салу үшін бөлінетін болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button