ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Глубокое ауданында бір отбасы иіс тиіп уланған.
- 2000, 2002, 2006 және 2010 жылы туылған 4 адамға иіс тиіп уланды. 2006 жылғы қыз бала ауыр халде, қалғандары орта дәрежеде. Барлығы ауруханаға жатқызылды, – деді баспасөз қызметінде.
Аудандық төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары аталған үй иелеріне тамыз айында пешті жылыту маусымына дайындау қажеттігі туралы ескерту жасаған. Алайда үй иелері құтқарушылардың сөздеріне құлақ аспаған.
Қызметкерлермен арнайы құрылғымен тұрғылықты орынжайдағы көміртегі тотығының мөлшеріне зерттеу жүргізген. Құрылғы көмірқышқыл газының бар екенін көрсеткен, осыдан кейін пештегі ақауларды жоюға ұсыныс берілген.
Semeynews.kz