ШҚОҚоғамТОПШҚО

Өскемен полицейлері баланың өмірін амал алып қалуға көмектесті

Өскемендік полицейлер жеті жасар баланың өмірін амал алып қалуға көмектесті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Өскемен қаласы патрульдік полиция қызметкерлері  қызымның өмірін сақтап қалды», – деп тәртіп сақшыларына баланың әкесі алғысын білдірді.

Шамамен сағат 21.30 тақау қызының нашар сезініп тұрғанын көрген ата-анасы бірден “103” қызметінің диспетчеріне хабарласады, алайда жедел-жәрдем такси шақыртып, оны өз бетімен алып келуді өтінді, өйткені “жедел жәрдем” кешігуі мүмкін, деп хабарлайды.

Баланың әкесі  такси мен бірге полиция қызметкерлерін қоса шақырды.

“Тезірек жету үшін мен “102” арнасына хабарластым және бізден Ана мен баланың орталығына баруды өтіндім”, – деді ризашылық білдірген әке. – Осыдан кейін маған полиция қызметкері біздің орналасқан жерімізді нақтылау үшін қоңырау шалды, ал жарты минуттан кейін біз 31 нөмірлі патрульдік көлікке міндік! Біз өте тез жеттік,оларға сол  үшін көп рахмет!

Сол кеште № 31 бортта Өскемен қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция капитаны Дәурен Жанұзақов пен полиция аға лейтенанты Ерасыл Медешов  болған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button