ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жол апаты болып екі адам көз жұмды

Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайд Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қазанда сағат 18:00 шамасында “Өскемен-Шемонаиха” тас жолының 52-ші шақырымында ВАЗ-2109 және МАЗ көліктері соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасында алған жарақаттардан ВАЗ-2109 көлігінің 65 жастағы жүргізушісі және 63 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сот сараптамалары тағаындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button