ӘлемҚоғамТОП

Ғарышқа ұшқан алғашқы киноэкипаж Қазақстан аумағына қонды

Нұр-Сұлтан уақытымен 10 сағат 36 минутта «Союз-МС-18» ғарыш кемесі экипажы Қазақстан аумағына қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бортында ғарышкер Олег Новицкий, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко бар «Союз-МС-18» кемесінің аппараты Жерге қонды.

Ғарыш кемесі аппаратының қонуын қамтамасыз ету жұмыстарына Орталық әскери округтен 200-ге жуық әскери қызметкер, 12 Ми-8МТВ5-1 тікұшағы, Ан-12 және Ан-26 үш ұшағы, арнайы техниканың 20-ға жуық бірлігі жұмылдырылған.

 

Кеме экипажы да борттық құжаттаманы мұқият зерттеп, қауіпсіз қонуына жауапты мамандардан кеңес алуда. Жерге қонушы аппарат ішіндегі экипаж кез келген штаттан тыс жағдайда әрекет етуге дайын болды.

Еске сала кетсек, тарихтағы алғашқы киноэкипаж ғарышқа 2021 жылдың 5 қазанында ғарышта көркем фильм түсіру миссиясымен аттанған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button