ҚоғамСемейТОП

Семейдегі қалалық жолаушылар тасымалының жағдайы туралы

Бүгінгі таңда Семейде жолаушылар тасымалын 2 тасымалдаушы ұйымдастырады: «Семавтопарк» ЖШС 147 автобуспен уақытша 24 маршрутта, «Таксомоторный парк» ЖШС 97 автобуспен 13 маршрутта қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Назым Жанболатова мәлімдеді.

  • Ағымдағы жылдың 11 қазанында № 4, 5 және 8 маршруттарға қызмет көрсету бойынша конкурс өтті. Конкурстық комиссиямен жеңімпаз анықталды, ол – «Семавтопарк» ЖШС. Аталған маршруттарда 32 бірліктегі үлкен, орта және кіші сыныптағы автобустар қызмет көрсететін болады, – деді Назым Жанболатова.

Бұгінгі күні желіде 212 автобус (266 жоспарланған) 39 маршрутта қызмет көрсетуде, жиілігі 80%-ы құрайды.

 

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button