
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 2 қазанында ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Алтай ауданы ПБ инспекторымен бірлесіп Бұқтырма су қоймасының жағалауында рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында Алтай ауданының Октябрьский кентінің маңында балық аулап жүрген, осылайша балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзған 4 ер адам ұсталды.
Тексеру кезінде аталған тұлғалардың балық аулауға рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталды.
– Заңсыз балық аулаған Октябрь кентінің 33 және 35 жастағы, Жарма ауылының 35 жастағы және Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғындарынан 2 қайық және 232,82 келі «рипус» тұқымды балық тәркіленді, -деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz