ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да автобус жүргізушілерін тексеруде

Шығыс Қазақстанда автобус рулінде отырып телефон пайдаланған 200-ге жуық автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан аумағында «Автобус» жедел-алдын алу шарасын жүргізілуде.

– Жедел шара барысында 1045 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Шығарындыларындағы ластаушы заттардың нормадан тыс асқаны үшін – 94, рульде отырып телефон пайдаланған – 183, жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған – 18 тұлға жауапқа тартылды. 180-нен астам жүргізуші қоғамдық көлік жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзса, 11 адам өз маршрутында еңбек және демалыс режимін бұзып жүргені анықталды, – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

“Автобус” республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында, ағымдағы жылдың 4 қазанында Өскемен қаласында полиция қызметкерлері «DАEWOO» маркалы автобусты тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде 41 жастағы жүргізушінің осы көлікті басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button