ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жол апатынан бес адам зардап шекті (ВИДЕО)

Төрт көлікке зақым келтірілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 9 қазанда сағат 20:45-тер шамасында 34 жастағы “LADA” көлігінің жүргізуші Дулатов көшесі жақтан, Шәкәрім даңғылы бойымен келе жатып, Абай көшесі қиылысында, “ескі көпір” бағытында тоқтап тұрған 26 жастағы жүргізуші тізгіндеген “TOYOTA” көлігіне соқтығады, содан кейін 42 жастағы жүргізуші басқарған “TOYOTA RAV” көлігімен бетпе-бет соқтыққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 көлік бүлінді, 2 жүргізуші, соның ішінде оқиға кінәлі жүргізуші, сондай-ақ 3 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button